• Колледжіміздің мамандықтары
          • Колледжіміздің мамандықтары

          •           Біздің колледжге негізгі орта білімі бар оқушылар қабылданады.

                      Оқыту мемлекеттік,орыс және ағылшын тілдерінде , жүргізіледі.

                      Бүгінгі таңда жұмыс берушілер мамандардан ағылшын тілін білуді талап етеді. Осыны ескере отырып, жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің 60% ағылшын тілінде жүргізледі. Оның ішінде математика, информатика, физика, химия, биология сияқты жалпы білім беру пәндері де ағылшын тілінде оқытылады. Осыған орай ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады.

                      Колледжде жоғары және бірінші дәрежелі біліктілігі бар оқытушылар қатарлы әдістемелерді қолдана отырып, бәсекеге қабілетті, білімді, жан-жақты дамыған мамандар даярлауда қажырлы еңбек етуде.

                      Колледжіміздің материалды-техникалық жағдайы жылдан-жылға жаңартылып, даму үстінде. Бүгінгі таңда колледжде зертханалар мен қазіргі талапқа сай дәрісхана, компьютерлік класстары, кітап қорына бай кітапхана мен оқу залы, асхана, медициналық қызмет көрсету бөлімшесі қызмет етеді.

                       

                       Барлық мамандықтарда екінші шет тілі ретінде түрік тілі оқытылады.

                       Көпсалалы мамандықтар бойынша даярлау енгізілген:

                                   1. 0518000 - <<Есеп және аудит>>(салалар бойынша)

                                   Біліктілік: 010508 3 - Шаруашылық қызметтің талдауы және бухгалтерлік есебі бойынша экономист.

                                   2. 0105000 <<Бастауыш білім беру>>

                                   Біліктілік: 010508 3 Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі.

                                   3. 0101000 <<Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту>>

                                   Біліктілік: 010103 3 Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі.

                                   4. 1304000 <<Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру>> (түрлері бойынша).

                                  Біліктілік 13040443 - Техник-бағдарламашы.

                      Сабақта және сабақтан тыс уақытта қажетті білік пен дағдылардың дамуына әсер ететін әртүрлі зерттеулерді, тәрбие жұмысын өткізуге байланысты барлық қажетті жағдайлар жасалған.